2015 жылғы 7 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 25 ақпандағы №151 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №151 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №11, 104-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.